2016 жылы 22 қаңтарда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында батик дайындау бойынша шеберлік сағаты өтті. № 2 ОМ оқушыларына матаға қолдан өрнек салу бойынша шеберлік сағатын суретші-қолөнерші, мүсінші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Баян Баталова өткізді. Б.Ж. Баталованың туындыларына түстер мен композициялардың үйлескен шешімі, тақырыптар мен сюжеттер тақырыптарының кең ауқымы, орындаудың жоғары техникалық және көркемдік деңгейі тән.
Баян Баталова аудиториямен өзінің шығармашылығы, кәсіби құпияларымен шабыттана бөлісіп, батик түрлері, технологиясы және осы өрнектерді дайындау үшін қолданылатын материалдармен таныстырды.