Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Суретші Ю. Новоселовтың атаулы сыйлығын алуға үміткер жас суретші-портретшілердің ІІІ облыстық байқауының қорытындысын шығару

16.05.2018
Суретші Ю. Новоселовтың атаулы сыйлығын алуға үміткер жас суретші-портретшілердің ІІІ облыстық байқауының қорытындысын шығару

15 мамырда Ю. Новоселовтың атаулы сыйлығын алуға үміткер жас суретші-портретшілердің ІІІ облыстық байқауының қорытындысы шығарылды.

Атаулы сыйлықты Қостанайдың белгілі суретші-плакатшысы Юрий Новоселов тағайындады. Суретші бұл байқауды Қостанай облысының бейнелеу өнерін дамыту, дарынды жас суретшілерді анықтау және оларға қолдау көрсетіп, олардың шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында өткізеді. Байқау Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылады және 2016 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі. Аталған жоба 14 пен 35 жас аралығындағы жас суретшілер үшін «Портрет» жанры бойынша өткізіледі: өз портреті, жақын адамдарының портреті.

Байқауға Қостанай, Лисаков, Рудный, Жітіқара қалаларының және облыстың Қарабалық, Сарыкөл, Қарасу және тағы да басқа аудандарының жас авторлары 50-ден астам жұмыс ұсынылды.

2-орынға Қостанай құрылыс колледжінің студенті Роза Ибраева, 3-орынға Қостанай қ. Л.И.Русин атындағы көркемсурет мектебінің оқушысы Арина Вакерова ие болды.

Жас суретші-портретшілердің көрмесі бір ай бойы жұмыс жасайды.

Біздің сайттың құрметті қонақтары!

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы.