Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Құстардың көктемгі құбылған үні» Халықаралық құстар күніне арналған музейлік іс-шаралар топтамасы

04.04.2018
«Құстардың көктемгі құбылған үні»    Халықаралық құстар күніне арналған музейлік іс-шаралар топтамасы

Халықаралық құстар күні 1 сәуірде атап өтіледі және осы күннің таңдауы жай емес. 1906 жылы 1 сәуірде құстарды қорғау бойынша Халықаралық конвенция қабылданды және бұл қанаттылардың қыстау жерлерінен ұя салуға келетін уақыт.

«Көктемгі дауыстар» - Халықаралық құстар күніне арналған музейлік іс-шаралар топтамасы, музей залдарында қаламыздың мектеп оқушыларының және бала-бақшалар бөбектерінің қатысуымен өтуде.

Жүргізушінің қызықты әңгімесімен қатар мультимедиялық таныстырылым өткізіліп, құстардың дауысы тыңдалады. Іс-шараға қатысушылар өз қолымен түрлі түсті қағаздан жасаған бозторғайды кәдесый ретінде ала алады.