Балаларды қорғау күнінде өкінішке орай, короновирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында дәстүрлі көпшілік іс-шаралар өткізілмеді. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері өзінің ең кішкентай достары мен олардың ата-аналары үшін онлайн түрде шеберлік-сағатын дайындады.
Экспозициялық-көрмелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Бейсова Қ.Б. әртүрлі техникада қуыршақтар жасау бойынша онлайн шеберлік музейдің Facebook, Instagram, Vkontakte әлеуметтік желідегі парақшаларында өткізді. Ол анлайн іс-шараға қатысушаларға фетр, фоамиран материалдарынан киімге, сөмкеге тағуға арналған түйреуіштер жасау жолын көрсетті.
Шеберлік сағатын төмендегі сілтеме бойынша көре аласыз.
https://www.instagram.com/p/CA4xyxzg-x0/
https://vk.com/id397862586?z=video397862586_456239134%2F06efebc244f52b66cf%2Fpl_wall_397862586
https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/videos/823635641460653/