Біз бәріміз жаңа жылға шырша сатып аламыз және оны ең әдемі ойыншықтармен безендіруге тырысамыз. Әрине, әрқайсымызда шырша әшекейлерінің барлық коллекциясы бар: шыны шарлар, жұлдыздар, ілгектер, түрлі пішіндегі ойыншықтар. Олардың әрқайсысының өз тарихы бар.
«Алау» телеарнасы «Өмір ағымы» бағдарламасының апта сайынғы «Көненің көзі» айдарында музей қызметкері шырша ойыншықтарының шығу тарихы және олардың ғасырлар бойымен жаңарған түрлері туралы айтып берді.