Бүгін, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Мәдениет басқармасы жанындағы «Мәдени аулаға» келушілерге Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Оқу-ағарту жолындағы ұстаздық ғұмыр» атты фотоқұжатты жылжымалы көрме дайындады. Көрме бойынша екі тілде экскурсия жүргізілді. Жасөспірім келушілер ертегі кейіпкерлерімен кездесіп, ұлы педагог және ағартушының балаларға арналған туындыларынан аудио жазбаларды тыңдай алды. Сондай-ақ сәнді-қолданбалы өнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесінен қалаған кәдесыйларды сатып алды.