Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Сүйікті қаламыздың мерейтойына орай

12.08.2019
Сүйікті қаламыздың мерейтойына орай

Қала күнін мерекелеу қарсаңында 2019 жылдың 9 - тамызында №9 ҚБ кітапхана-филиалында Киев шағын ауданындағы жасөспірім балалар үшін «Тобыл жағалауында» атты іс-шара өткізілді. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Тобыл жағалауындағы қала» атты фотоқұжаттық жылжымалы көрме барысында қала тарихы туралы дәріс оқыды. Іс-шараға қатысушылар Қостанайдың 140 жыл бұрын қалай құрылғандығы туралы көптеген жаңа және қызықты ақпараттарды білді, ол дала кеңістігіндегі шағын қаладан заманауи өндірістік, сауда және мәдени орталыққа айналды.