Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өткізілген бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердегі жас авторлардың Республикалық «Жас толқын – 2020» байқауына қатысушыларының марапаттау рәсімі

05.11.2020
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өткізілген бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердегі жас авторлардың Республикалық «Жас толқын – 2020» байқауына  қатысушыларының марапаттау рәсімі

2020 жылдың 1 қыркүйегінен 19 қазанға дейін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ІІ Республикалық «Жас толқын - 2020» байқауы өтті.

 «Жас толқын - 2020» байқауын «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ, «ҚР Суретшілер одағының Қостанай облыстық ұйымы» ҚБ ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты - жарқын және нағыз дарынды жас суретшілерді анықтау, Қазақстанның бейнелеу өнерін дамыту.

 «Жас толқын – 2020» байқауына 76 жас авторлар қатысты. Екінші іріктеуден 69 қатысушы өтті.

Байқауға Республиканың басқа қалаларынан келген авторлардың жұмыстары ұсынылды, олар: Нұр - Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Қызылорда. Қостанай облысының Қостанай, Рудный, Лисаковск, Жетіқара, Арқалық, Тобыл. Үміткерлер арасында Әулиекөл, Мендіқара, Денисов, Федоров, Сарыкөл мен Қостанай аудандарынан келген жас авторлар қатысқан. 

ІІ Республикалық «Жас толқын – 2020» байқауының дипломанттары «Кескіндеме», «Графика», «Мүсін», «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациялары бойынша бағалы ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ Гран-при атағын алған қатысушы анықталды. Іріктеу кезеңінен өткен барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Қазылар алқасының бірауызды шешімімен, орындар келесі тәртіп бойынша бөлінді: Гран - при – Лисаковск қаласынан Нұркенова Әсел Құрмет грамотасы және 300 000 теңгемен марапатталды.

Орындар келесі ретпен бөлінді:

«Кескіндеме» номинациясы бойынша:

1 орын - Смирнова Надежда – Қостанай қ.

2 орын - Бебеничева Анна – Қостанай қ.

3 орын – Қарабасова Салтанат – Алматы қ.

«Графика» номинациясы бойынша:

  • орын - Темірғалиев Ерсін – Қарағанда облысы, Шахтинск қ.

3 орын – Жұмабеков Жанабек - Қарағанда облысы, Шахтинск қ.

 «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша

2 жүлделі 1 орын:

  • орын - Имбергенова Аида – Қостанай қ.

1 орын - Корпушевская Аида –Қостанай қ.

2 жүлделі 2 орын:

  • орын - Кенжебекова Нәзира –Қостанай қ.

2 орын - Кузнецова Ольга – Қостанай қ.

 3 орын - Өтепова Дана – Қостанай қ.

«Мүсін» номинациясы бойынша:

2 орын - Маховский Алексей – Сарыкөл ауданы

3 орын - Бекмұхамбет Жандос – Қостанай ауданы.