Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай бірқатар іс-шараларды оффлайн және онлайн форматта ұйымдастырды:
27 қараша күні Қостанай облыстық мамандандырылған күзет басқармасының қызметкерлеріне «Елін сүйген Елбасы» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қор жиынтығынан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірінен және саяси қызметінен сыр шертетін фотосуреттердің және қызықты құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ ұлт Көшбасшысының ғылыми еңбектері қойылды.
ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында музей қызметкерлерімен дайындалған «Елді өзгерткен адам» атты бейнелекторий облыстық қылмыстық-түзету жүйесі департаментінің УК-161/1 мекемесінің қызметкерлері мен жазасын өтеушілерге; Қарасу ауданындағы Қарамырза орта мектебінің оқушыларына; Қостанай қаласындағы өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне қашықтықтан көрсетілді, сондай-ақ әлеуметтік желі қолданушыларына ұсынылды.
30 желтоқсан күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Рудный индустриалды институтының ZOOM форматта ұйымдастырған «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің феномені» атты дөңгелек үстеліне қатысты. Іс-шара барысында музей қызметкері музейдің «Ұлт Көшбасшысы» экспозициялық залы бойынша онлайн экскурсия өткізді.
https://www.facebook.com/100014426732442/posts/962614744229408?sfns=mo
https://vk.com/wall397862586_1243
https://www.instagram.com/tv/CIPaHRgg8F_/?igshid=13gqwc32snvtw
https://www.instagram.com/tv/CIPaHRgg8F_/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/videos/962612824229600
https://www.instagram.com/p/CIQYy3WA16t/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/p/CIVWq8hgVgT/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/p/CINLL2fgk0f/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/p/CINcIgFARaL/?utm_source=ig_web_copy_link