Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

ҚР Суретшілер одағының мүшесі Сергей Луговойдың «Көрінбейтін шындық» атты дербес көрмесінің онлайн тұсаукесері

26.06.2020
ҚР Суретшілер одағының мүшесі Сергей Луговойдың «Көрінбейтін шындық» атты дербес көрмесінің онлайн тұсаукесері

2020 жылы 26 маусымда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бейнелеу өнері бөлімінде танымал қостанайлық суретші-график, кескіндемеші Сергей Луговойдың 65 жылдығына арналған «Көрінбейтін шындық» атты дербес көрмесінің онлайн тұсаукесері болды.

Көрмеден суретшінің әр жылдардағы 45 кескіндемелік жұмысы орын алды. Көптеген туындылар суретшінің өмірбаянымен қанық көрермендерге жақсы таныс, ал кейбір туындыларды бірінші рет көріп отыр.

 Суретші Сергей Луговой үшін кескіндеме өзін-өзі көрсету құралы, бұл жеке дүниетанымын ашып көрсетуге талпыныс жасауы. Экспозицияда інжіл сюжеттеріне арналған бірқатар жұмыстар ұсынылды («Мейірімді адам», «Жеңімпаз Георгий», «Ақырзаман»). Оларда рухани өмір тақырыбы бейнеленген.

Сергей Луговой өз туындыларында әсем табиғат пен әйелдердің сұлулығын таңдана бейнелеген. Ол шығармашылығы уақыт ырғағымен үндесетін суретшінің барлық сезімдерін жеткізетін туындылар жасайды және көзге көрінбейтін шындықты бейнелейді.

https://vk.com/id397862586?w=wall397862586_938

https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/videos/841118906378993/

https://www.instagram.com/p/CB5EkWEA6ht/