2 маусымда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Қостанай балалар мен жасөспірімдерге арналған пана үйінің тәрбиеленушілері үшін ҚР мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Жаңа дәуір рәміздері» атты музейлік сабақ өткізді.
Іс-шара барысында мемлекеттік рәміздер бейнеленген бейнероликтердің сүйемелденуімен Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – ту, елтаңба және әнұранның тарихы туралы айтылды.
Балалар сурет салу және викторина сайысына белсенді қатысты. Іс-шараның барлық қатысушылары тәтті сыйлықтар – шоколад плиткаларын, ең белсенді қатысушы мақтау қағазын алды.