Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Қостанай суретшілерінің облысымыздың табиғаты көркем орындарына пленэрі» атты жыл сайынғы жоба өткізілді. 2020 жылы суретшілер Әулиекөл, Қостанай, Сарыкөл және Алтынсарин аудандарында болды.
Пленэрге қатысушылар бейнелеу өнерінің танымал шеберлері, ҚР Суретшілер одағының мүшелері Светлана Шалунова, Вадим Быков, Александр Захарченков, Баян Баталова, Лариса Дмитриева, Галина Надеина, Светлана Михайлова, сондай-ақ суретші Анатолий Счастливцев, Олег Кусков, Сергей Казанцев және Сергей Попов болды.
Жобаның қорытындысы бойынша «Туған жердің әсемдігі» атты көрмеде 100-ге жуық кескіндемелік және графикалық туындылар ұсынылған. Көрмеде ұсынылған туындылардан туған жердің сұлулығына тамсанып, өз өңірін шексіз сүйетін және оны мақтан тұтатын суретші-лириктің тұлғасы айқын көрінеді.
Пленэр жұмыстарының қорытынды көрмесі көрерменге Қостанай облысының таңқаларлық жазық даласын, көркем ормандарын, көлдері мен өзендерін жергілікті суретшілердің көзімен көруге мүмкіндік береді.
https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/posts/977231466101069
https://vk.com/id397862586?w=wall397862586_1286
https://www.instagram.com/tv/CJF_QHFAoJT/?utm_source=ig_web_copy_link