Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қазақстан республикасының ұлттық музейі қорынан «Ұлы дала әміршілері» атты көрменің ашылуы

10.03.2023
Қазақстан республикасының ұлттық музейі қорынан  «Ұлы дала әміршілері» атты көрменің ашылуы

2023 жылдың 10 наурызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі қорынан «Ұлы дала әміршілері» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Қазақстан аумағынан ең алғаш Есік обасынан табылды, еліміздің басты мәдени құндылығына айналған, бірегей байлығымыз «Алтын адам» ескерткіші. «Алтын киімді жауынгерді» белгілі археолог Кемел Ақышев 1969-1970 жылдары тапқан.

Бұл баға жетпес құнды жәдігер Наурыз мерекесі қарсаңында қаламызға жасалған ерекше тарту. Аталмыш көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорынан жүзге жуық жәдігерлер ұсынылды. Көрермендер «Алтын адамның» реконструкцияланған киімі мен қару жарағын, Аралтөбе обасынан табылған  Сармат көсемінің реконструкциясын, сондай-ақ Тақсай-1, 6-қорғанынан табылған археологиялық бірегей олжаларды тамашалады.

 

Көрмеге Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мұхаметқалиев Р.З., Мәдениет басқармасының басшысы Қалмақов Е.Б., ҚР Ұлттық музейінің қор жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары Сатубалдин А.К, тарихшылар мен өлкетанушылар, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары, БАҚ өкілдері қатысты.