Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығын тойлау шеңберінде өткізілетін бейнелеу және сәндік–қолданбалы өнердегі жас авторлардың «Жас Толқын - 2021» III Республикалық байқауының қорытындысы бойынша көрмесі мен марапаттау рәсімі.

08.11.2021
Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығын тойлау шеңберінде өткізілетін  бейнелеу және сәндік–қолданбалы өнердегі жас авторлардың  «Жас Толқын - 2021» III Республикалық байқауының қорытындысы бойынша көрмесі мен марапаттау рәсімі.

2021 жылы 5 қарашада Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің көрме залында Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығын тойлау шеңберінде өткізілетін бейнелеу және сәндік–қолданбалы өнердегі жас авторлардың «Жас Толқын - 2021» III Республикалық байқауының қорытындысы бойынша көрмесі мен марапаттау рәсімі өтті.

«Жас толқын – 2021» байқауының айқындаушы тақырыбы – көрнекті қоғам қайраткері, педагог, жазушы, этнограф Ыбырай Алтынсариннің жарқын тұлғасы мен баға жетпес мұрасын бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер арқылы кеңінен насихаттау. Байқау жұмыстарының қорытынды көрмесінің атауы терең мәнді - «Даналықтың ұлылығы мен жанның жомарттығы» деп аталады.

«Жас Толқын - 2021» III Республикалық бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердегі жас авторлардың байқауына қатысуға Нұрсұлтан, Алматы, Шахтинск, Қостанай, Лисаков, Қашар, Жітіқара, Тобыл; Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарынан; Қостанай облысының Қостанай, Федоров, Әулиекөл, Денисов, Сарыкөл аудандарынан жас суретшілерден 103 өтінім түсті.

Байқау жұмыстарын кәсіби бағалау үшін Қазақстан Республикасы Қостанай Суретшілер одағының басқарма төрағасы Вадим Вячеславович Быковтың жетекшілігімен тәуелсіз қазылар алқасы құрылды. Қазылар алқасының құрамында: Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, белгілі суретші-график Луговой Сергей Дмитриевич; Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, өнертанушы Жұмағұлова Мәрия Төлегенқызы; Нұр-Сұлтан қалалық жастар бірлестігінің төрайымы, суретші Жүрқабаева Гүлдана Тұрсынқызы; А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік Университетінің оқытушысы Жүсүпова Дина Жетпіспайқызы. Байқау жұмыстары төрт номинация бойынша бағаланды: кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер. Әр номинация бойынша ақшалай сертификаттар тапсыру арқылы 3 жүлделі орын анықталды. Сондай-ақ қазылар алқасының мүшелері Бас жүлдені 300 мың теңгенің ақшалай сертификатымен марапаттады.

Бас жүлде – Қостанай қаласынан Мұратов Бекзат 300 000 теңгемен марапатталды.

«Кескіндеме» номинациясы бойынша

1 орын - Минайдарова Айдана Нұр-Сұлтан қ. 150 мың теңге ақшалай сертификаты.
2 орын - Айтуарова ЛюдмилаНұр-Сұлтан қ. 70 мың теңге ақшалай сертификаты.

3 орын - Сыргабаев Санжар Алматы қ.40 мың теңге ақшалай сертификаты.


«Графика» номинациясы бойынша
1 орын – Николенко Алина Лисаковск қ. 150 мың теңге ақшалай сертификаты.

2 орын - Темиргалиев Ерсин Караганды обл., Шахтинск қ. 70 мың теңге ақшалай сертификаты.

3 орын – Қабен Нұрсұлтан Нұр-Сұлтан қ. 40 мың теңге ақшалай сертификаты.


«Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша
1 орын – Диханбаев Айдын Қостанай қ. 150 мың теңге ақшалай сертификаты.

2 орын - Умарова АсемҚостанай қ. 70 мың теңге ақшалай
3 орын - Лукашева Екатерина Қостанай қ. 40 мың теңге ақшалай сертификаты.

«Мүсін» номинациясы бойынша
1 орын - Мурашбеков Абылай Нұр-Сұлтан қ. 150 мың теңге ақшалай сертификаты.

2 орын - Мүсіреп Сырым Нұр-Сұлтан қ. 70 мың теңге ақшалай

3 орын - Огородник Роман Қостанай қ. 40 мың теңге ақшалай сертификаты.

«Тақырыпты ашудағы ерекше тәсілі үшін» Дипломы - Бурбаев Данияр и Шинкаренко Юлия Қостанай қ.