Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қостанайлық фотосуретші Олег Яблочкиннің "Менің әлемім" атты жеке мерейтойлық фотокөрмесінің ашылуы

16.09.2022
Қостанайлық фотосуретші Олег Яблочкиннің "Менің әлемім" атты жеке мерейтойлық фотокөрмесінің ашылуы

2022 жылдың 16 қыркүйегінде  Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде  белгілі қостанайлық фотосуретші Олег Яблочкиннің туғанына 60 жыл толуына орай "Менің әлемім" атты дербес мерейтойлық көрме ашылды. О.В. Яблочкин Қостанай қаласындағы техникалық училищені үздік бітіріп, фотограф мамандығын алды. Сан қырлы және мол тәжірибе талантты фотограф Олег Яблочкинге фотосурет өнерінде өзінің жеке стилін жасауға ықпал етті. Фото суретші Олег Яблочкиннің шығармашылығы көп қырлы, ол репортаж анимализ, пейзаж және портреттер сияқты  түрлі жанрларда жұмыс істейді. Оның шығармалары қоршаған ортанын қас қағым сәттерін  айқын бейнелейді және шығармаларға қарапайымдылық пен шынайы эмоционалдылық тән.

 

Олег Яблочкиннің "Менің әлемім" атты жеке фотокөрмесінде "қала", "Пейзаж", "Портрет", "Анималистік жанр" және "Спорт" тақырыптары бойынша 60-тан астам туындылары ұсынылды. Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.