2018 жылдың 7 қарашасында «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ коллегиясы барысында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде аудандық мәдениет бөлімдерінің басшылары және мемлекеттік музей директорларының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраларын сақтау және өзекті мәселелері жөнінде секциясы өтті.
Мәжіліс барысында Қостанай облысының тарихи-мәдени мұралар нысандарын сақтау мен пайдалану саласындағы ҚР заңнамасын сақтау, тарихи-мәдени мұра нысандарын есепке алу мен құжаттаудың мәселелері, жаңа қасиетті және ескерткіш орындарын анықтау мен тіркеудің басты өзекті мәселелері туралы сұрақтар қарастырылды. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын жүзеге асыру бойынша жұмыстары қортындыланды.