Кейінгі уақытта жібек лентамен кестелеу қайтадан танымал болды. Бұл таңқаларлық емес, өйткені оның көптеген артықшылықтары бар. Сәндік-қолданбалы өнердің бұл түрін нағыз көркемдік жұмыс деп айтуға болады, өйткені ол қиялдың толық еркіндігін білдіреді.
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен шеберлік сағатында болашақ шеберлер қауызын ашқан әсем гүлді, гүлшанақ пен жапырақтар, нәзік шыбықтарды ленталармен кестелеп шағын гүлдер әлемін жасады. Жұмыста лента тігісі, француз түйіні, бағаналы тігіс, тік тігіс әдістері қолданылды. Алынған гүл мотиві қол орамалдардың безендірілуіне қолданып, ашық хат элементі және киім декоры бола алады. Ленталармен кестелеу өзінің сұлулығымен, бай реңі мен сипатымен, орындалуының қарапайымдылығымен назар аудартады.
https://www.instagram.com/tv/CRQ4RJiF9Ek/?utm_source=ig_web_copy_link
https://vk.com/video397862586_456239426
https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/videos/800885187275230