Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына орай «Абай - поэзия әміршісі» атты әдеби-көркем кеш өткізілгендігі туралы жаңалық

10.04.2015
Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына орай «Абай - поэзия әміршісі» атты әдеби-көркем кеш өткізілгендігі туралы жаңалық

2015 жылы 10 сәуірде сағат 15.00-де Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған «Абай - поэзия әміршісі» атты әдеби-көркем кеш өткізілді.

Абай Құнанбаев - қазақ халқының ұлы ақыны, философ, ойшыл, аудармашы. Ол 1845 жылы 10 тамызда Семей облысының Шыңғыс тауында дүниеге келген.

Абай - қазақ мәдениетіне араб, парсы, орыс, неміс, ағылшындардың рухани жетістіктерін жеткізген Шығыс пен Еуропа арасындағы көпір іспеттес. Біріккен бірегей қос мәдениетті бейнелей білген ақынның шығармаларынан өз халқының білімді, дамыған, тәуелсіз ұлт болғанын армандағанын аңғару қиын емес. Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Абайдың шығармашылығы жас ұрпақты өз халқына қызмет етуге тәрбиелейді, білімге ұмтылып, ұлтты мәдениет арқылы дамытуға ынталандырады. Ақиқат пен әділдік іздеп "Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма" деген Абайдың өмірі ұрпақтары үшін үлгі-өнеге.

«Поэзия - тілдің әміршісі...» деген Абай, «өз әкесінің ғана емес, өз халқының, тіпті бар адамзаттың баласы», поэзияның әміршісі бола білді.

Іс-шараға қатысушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбевтың шығармашылығы туралы қостанайлық белгілі ақын Нағашыбай Мұқатов әңгімелеп берді.