Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының көркем және қолданбалы өнер көрмесінің ашылуы

15.03.2019

19 наурызда сағат 15.00-де Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика-математика бағытындағы оқушыларының «Ата салтым- асыл мұрам» атты көркемөнер көрмесінің ашылуы өтеді.

Көрме Қостанай қаласының тұрғындары мен қаланың қонақтарын 7-12 сынып оқушылары жасаған шығармалармен таныстырады. Көрмеде кескіндеме, мүсін, графика, сәндік қолданбалы өнер түрлері бар, сондай-ақ авиа үлгілеу, STEАM, роботты техника жобалары ұсынылған. Көрмеге қатысушылар батик, акварель, май, гуашь, ермексаз, күйген күйіктас, папье-маше, «Чи» өрімі сияқты түрлі техникада жасалынған авторлық жұмыстарын көрсетеді.

«Ата салтым- асыл мұрам» көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді. Көрмеге кіру тегін.

Барлық сауалдар бойынша мына мекенжайға хабарласыңыздар: Алтынсарин көшесі, 115; тел. 50 -10-41