Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану бөлімінің қызметкерлері өңірлік маңызы бар тізімге 2019 жылы енгізілген Наурызым ауданының қасиетті нысандары аумағының инфрақұрылымының жай-күйіне мониторинг жүргізді.
Қарамеңді ауылынан оңтүстікке қарай 26 шақырымда орналасқан Үмбетей батыр Байсейітұлының кесенесі және Қарамеңді ауылынан батысқа қарай 14 шақырымда ескі мұсылмандар қорымында орналасқан батыр Мәтен Баяндыұлының жерленген орны зерттелді. Нысандар фотоға түсіріліп, қасиетті орындардың орналасқан жерлерінің географиялық координаттары анықталды, тиісті инфрақұрылымдарды әрі қарай жақсарту бойынша нұсқаулар берілді.