Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» фольклорлық-этнографиялық мейрамы

15.03.2017
«Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» фольклорлық-этнографиялық мейрамы

01

Наурыз – қазақтар мен Азияның көптеген халықтарында бес мың жылдан астам уақыт бойы тойланып келе жатқан жылдың басты мерекесі. Бұл көктем мерекесі, табиғаттың жандануы мен жаңа өмір бастауы. Шығыс күнтізбесі бойынша бұл көктемгі күн мен түннің теңелуіне сәйкес келеді. Наурыз мейрамы әрқашанда көптеген дәстүрлі әдет-ғұрыптармен, балуандар сайысымен, суырып салма ақындар айтысымен, ұлттық ойындармен өтеді. Жастар алтыбақанның жанына жиналып, көңіл көтереді.

02

2017 жылдың 15 наурызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Астана ЭКСПО-2017 жылына арналған «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» атты фольклорлық-этнографиялық мейрамы өтті. Іс-шара барысында шақырылған қонақтар наурызды мерекелеудің әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін еске түсіріп, ұлттық тағам «Наурыз көжеден» дәм татты, қызықты сайыстар мен қазақтың ұлттық ойындарына қатысты.

03

04