Қазақ өнері үшін Хлудовтың педагогикалық қызметінің маңызы зор. 1921 жылдан жаңадан бастап жүрген суретшілер тобымен жұмыс істеп, студия басқарды.
Қостанай қаласының өмірлік қиын жағдайдағы, балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері қазақстандық суретші Н.Г. Хлудовтың туғанына 170 жыл толуына арналған онлайн дәріс өткізді.
Қашықтықтан өткізілген іс-шара барысында қылқалам шеберінің музейдің қор жиынтығында сақталған 1919 жылы салынған «Пейзаж» атты кескіндеме туындысы таныстырылды.