Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясындағы «Біз бейбітшіліктің суретін саламыз» атты шеберлік сабағы музейдің кішкентай келушілеріне арналды. Бұл шеберлік сабағын қарапайым және көңілді ететін дәстүрлі емес әдіс. Күрделі элементтерді сызудың және қылқаламды шебер меңгерудің қажеті жоқ. Балалар күнді, үйлерді, табиғатты қарапайым әдістермен әр түрлі материалдарды – губка, тұз, гуашь, акварель және басқаларды қолдану арқылы бояды.
Дәстүрлі емес әдістермен сурет салу балалардың танымдық белсенділігін және шығармашылыққа құштарлығын арттырып, өзінің қиялдау әрекеттерін, ықыласын, ойын толық білдіруге үлкен мүмкіндіктер береді.