Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Музейдің қор жиынтығынан линонақыш техникасында орындалған «Қара & Ақ» графикалық жұмыстар көрмесі

14.03.2023
Музейдің қор жиынтығынан линонақыш техникасында орындалған «Қара & Ақ»  графикалық жұмыстар көрмесі

2023 жылдың 14 наурызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қара & Ақ» атты линонақыш техникасында орындалған қор жиынтығынан графикалық жұмыстар көрмесі ашылды.

Қазақстан мен Ресейдің көрнекті суретшілері өз туындыларымен бейнелеу өнерінің тарихына өз есімдерін қалдырды. Осы өнерді жарқын және қызықты еткен шығармашыл тұлғалар - туған өлкенің шынайы жыршылары, олар графика техникасында жаңашылдар ретінде біздің жадымызда қалды.

 

Музей жиынтығы суретшілердің әр түрлі жылдардағы графикалық жұмыстарын қамтиды. Жаңа көрменің негізін еңбек тақырыбындағы портреттер мен сюжеттік картиналар құрайды. Кескіндемелік туындылардың кейіпкерлері - қарапайым құрылысшылар, болат балқытушылар, шахтерлар, балықшылар және т.б. Ал олардың жүздері – дәуір символы, суретшілер оларды аса сенімділікпен, қаныққан бояулармен көтеріңкі көңіл-күймен бейнелеген. Линонақыш көрерменді тек кәсіби шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге қайталанбас уақыттың атмосферасы – жас романтиктер кезеңі, жастық жігер және жарқын болашаққа үмітпен қарауымен баурап алады.