
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Н.Қ. Оташева мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің Астана қаласындағы І Республикалық «Рухани қазына» фестивалінде «Облыстық маңыздағы мемлекеттік музейлердің үздік қызметкері» номинациясында жеңімпаз атанды. Ол «Рухани қазына - 2018» конкурсының лауреаты дипломымен және 250 мың теңге сертификатпен марапатталды.
Нәзима Қуанышбайқызы Оташева өңірдің тарихи-мәдени мұрасын насихаттау бойынша көп жұмыстар жүргізеді, өлкетанушы ғалымдармен және БАҚ-пен бірлесіп жұмыс істейді. Оның ғылыми-зерттеу және жинау жұмыстарының арқасында «Қостанай жерінің мақтаныштары» музей залының экспозициясы даңқты жерлестеріміз - Е.Омаров, Н.Құлжанова, Қ.Жармағамбетов, И.Щеголихин, К.Тоғызақов, К.Мырзабеков, Ж.Молдағалиев, Ш.Мұхамеджанов, А.Нұрманов, Н.Оразов, Ж.Ысмагұлов, Қ.Сәрсекеев, С.Досановтардың жиынтықтарымен толықты.