Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Ұлы дала тарихы – ұрпаққа аманат» конференцияға қатысу

30.08.2021
«Ұлы дала тарихы – ұрпаққа аманат» конференцияға қатысу

2021 жылдың 27 тамызында  «Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың ұлы есімдері» және «Ұлы даланың жеті қыры» арнайы жобасын іске асыру шеңберінде Ыбырай Алтынсарин, Нұрмағанбет Көкембайұлының (Кейкі батыр) мерейтойларына арналған «Ұлы дала тарихы – ұрпаққа аманат» конференциясын өткізді.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері  Н.Қ.Оташева «Қостанай облысының қасиетті орындарын насихаттаудағы музей қызметі» тақырыбында баяндама жасады.