Ұлттық домбыра күніне орай 5 шілде күні облыстық тарихи-өлкетану музейінің қор жиынтығынан «Домбыра халық мұрасы» атты көрме жасақталып, әлеуметтік желідегі оқырмандарға онлайн экскурс өткізілді. Онлайн іс-шара барысында қасиетті қара домбыраның тарихы, түрлері туралы мәліметтермен қатар өлкеміздің танымал тұлғалары: 1916 жылғы көтерілістің басшысы Аманкелді Имановқа, Қазақ КСР Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері Сералы Қожамқұловқа, тиесілі домбыралар, сондай-ақ ҚР Халық ақыны Әсия Беркеноваға I Республикалық «Қыз-жігіт» айтысында бас жүлдеге берілген домбыра туралы мағлұмат берілді.
Онлайн іс-шараны төмендегі сілтеме арқылы кіріп көрулеріңізге болады:
https://www.facebook.com/100014426732442/posts/847301352427415?sfns=mo
https://vk.com/wall397862586_956
https://www.instagram.com/tv/CCPyMOAgg0X/?igshid=16y17fhclgbq1