Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – халық мұрасы» атты мәдени-білім беру жобасын ұйымдастырды. Мәдениет басқармасының «Мәдени ауладасында» өткен мерекелік бағдарламада қала тұрғындарының назарына музей қорынан «Домбра дастан» көрмесі ұйымдастырылып, «Жанданған сурет» арт-жобасы ұсынылды. Халық музыка шығармасын сүйер қауым, қала қонақтары «Күмбірле күй - домбыра!» викторинасына қатысты. Домбыра пішінін пазлдан құрастыру ойынына балалар ерекше қызығушылық танытты. Іс-шара қонақтары домбыра жасаудан және акрил бояумен сәнді өрнек салудан шеберлік сағаттарына қатысты. «Домбра – дастан» көрмесі бойыша экскурсия жүргізіліп, музей қорындағы бірегей домбыралар таныстырылды. Іс-шара барысында сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жәрмеңке-көрмесі жұмыс істеді. Шара қонақтары - «Мирас» ансамблінің домбырашысы Ғ. Кемелбаев, Қостанай облыстық халық шығармашылығы орталығының маманы Ж. Рахымжанқызы, Қостанай қаласының қонағы Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары балалар өнер мектебінің»директоры Г. Канжанова және «Нұр-әуен» студиясының шәкірттері өнер көрсетіп, мерекенің көркін ашты.