Бүгін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері
18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай «Ескерткіштер сыр шертеді» атты квест-ойынын өткізді. Квест-ойынға Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің 7-8 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында оқушылар тарих және мәдениет ескерткіштерін іздеп, сұрақтарға жауап берді. Қатысушлар өз білімдері мен ойлау қабілеттерін сарапқа салды. Музей қызметкерлері сұрақтармен қатар сәулет ғимараттарының тарихы туралы айтып, көрнекті тұлғалар туралы әңгімеледі.