2020 жылдың 04 маусымында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің Facebook, Instagram, Vkontakte әлеуметтік желілеріндегі парақшаларда «Кітап белгілерінің құпиясы» атты музейдің қор жиынтығындағы экслибрис туындылардан онлайн көрме ұсынылды. Экслибрис - кітап белгісі, кітаптың кайда, кімге тән екендігін айқындайтын таңба-белгі. Экслибрис кітап мұкабасынын ішкі бетіне жапсырылады. Көбіне кітап-таңба белгілері гравюра, литография түрінде жасалады.
Онлайн көрмеде қостанайлық суретші Г.М.Соковтың экслибрис туындылары таныстырылды. Бүгінгі күнге дейін шебер линогравюра және пластинадағы литография тәсілімен 300 астам жұмыстарын жазды. Оның экслибристерін Польша, Чехия, Франция, Бельгия, Болгария және тағы басқа елдерде қызығушылықпен тамашалады.
Толық нұсқаны төмендегі сілтемеден көре аласыз.
https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/videos/825798491244368/