Бүгін музейде полимер балшықтан кішкентай жануарлар жасау бойынша «Көңілді зоопарк» атты шеберлік сабағы өтті. Полимер балшық әсірелеусіз, әр түрлі қолөнер бұйымдарын жасауға арналған ең қызықты материал болып саналады. Іс-шараға шақырылған мектеп оқушылары түрлі жасау әдістерін қолдана отырып, сүйкімді жануарлар жасады. Көп еңбекті талап ететін нәзік шығармашылық жұмыстың нәтижесінде олардың әрқайсысы ерекше кішкентай жануарлар жасап шығарды, бұл сөзсіз шеберлік сабаққа қатысушыларды қуантты.