20 қарашада Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеу аясында музей қызметкері «Қостанай қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ тәрбиеленушілеріне онлайн шеберлік сабақ өткізді.
Балаларға қашықтан қол жетімді түрде киізден дамытушы ойыншықтарды жасау әдістері көрсетілді. Орталықтың тәрбиеленушілері өздерінің шығармашылық ойларын үлкен қызығушылықпен және сүйсінушілікпен іске асырды. Алған нәтижелерінен балалар жақсы көңіл-күйде болды. Оларға сабақтың қызықты болғаны соншалықты істерін қимастықпен тоқтатты.