Облыстық музейдің жұмыс жоспары бойынша 14-18 қазан аралығында Челябі облысының біріккен мемлекеттік мұрағатында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүзеге асырылды. Жұмыс барысында Челябі губерниясының құрамында болған Қостанай уезінің тарихымен байланысты құжаттар, Қостанай ревкомының, милицияның, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің, уездік денсаулық сақтау бөлімінің, аудандық азық-түлік комитетінің, комсомол комитетінің жұмыстары туралы және т.б. құжаттар анықталды.
Сондай-ақ, А. Байтұрсынов, Ә.Байғуриннің қолы қойылған түпнұсқа құжаттар мен уезді Қазақ АКСР-нің құрамына беру туралы өзге де құжаттар анықталды.