Исатай Исабаев ҚазКСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Тарлан» Тәуелсіз сыйлығының иегері, шығармашылық жолы 1960 жылдары басталған қазақстандық графикалық суретшілерінінің қатарына жатады. Исабаев графикалық техниканың барлық түрлерін жақсы білді – офорт, автолитография, линогравюра. Гуашь пен пастель, тушь пен көмір, акварель мен қарындаш - оның шығармашылық жолындағы тұрақты серіктері болды.
И.Исабаевтың графикалық туындылары да, көркем суреттері де туған жерге және өз халқына деген сүйіспеншілікке толы. Оның туындылары қазақстандық бейнелеу өнерінің алтын қорына енгізілді, бірнеше рет республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге қойылды, музейлер мен жеке коллекцияларда кеңінен ұсынылған.
Назарларыңызға суретші И. Исабаевтың Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қор жиынтығында сақталған графикалық жұмыстарынан «Болашаққа өткеннен естелік» атты онлайн көрме ұсынамыз.
https://www.instagram.com/tv/CHwnOlQgCEh/?utm_source=ig_web_copy_link
https://vk.com/video397862586_456239266
https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/videos/953727825118100