«Балалар әлемді бейнелейді» А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебі оқушыларының жұмыстарының көрмесі.

15.04.2022
«Балалар әлемді бейнелейді» А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебі оқушыларының жұмыстарының көрмесі.

2022 жылдың 15 сәуірінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде  А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебі оқушыларының жұмыстарының «Балалар әлемді бейнелейді» атты көрмесі ашылды. Көрме Қазақстан Республикасының Президенті 2022 жылы жариялаған Балалар жылына және айналадағы алуан түрлі және таңқаларлық түрлі-түсті әлемді баланың көзқарасымен бейнелеу тақырыбына арналған. Бейнелеу өнері залында көрме өткізу бұрыннан келе жатқан жақсы дәстүр. Көркемсурет мектебі 2008 жылдан бастап жыл сайын өз оқушыларының шығармашылық жұмыстарын қостанайлық көрермендер мен қала және облыс қонақтарына ұсынып келеді. «Балалар әлемді бейнелейді» көрмесінде мектеп бітірушілер ғана емес, сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердің әртүрлі түрлері мен жанрларында бейнеленген 100-ден астам жұмыстары ұсынылады. Бұл әртүрлі техникада орындалған кескіндеме, графика, мүсін және сәндік-қолданбалы композиция. Балалардың туындылары бейнелеу өнерінің әртүрлі жанрларында ұсынылған және балалар әлемді ерекше қабылдап, асқан сүйіспеншілікпен бейнелеген. Жас суретшілердің картиналарын тамашалаған көрермен түстердің қанықтығын, позитив пен қуаныш энергиясын, туған жерге деген сүйіспеншілік пен болашаққа деген көзқарасты анық сезінеді. Туындылар орындалуының өзіндік ерекшелігімен, эмоционалдық байлығымен және өзін-өзі көрсету тереңдігімен баурап алады.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін11   Кеше352   Бір аптаның ішінде891   Айында11   Барлығы309169  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі