Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен шеберлік-сағаты Халықаралық отбасы күніне арналды. Музей қызметкерлері іс-шараға №24 «А» мектеп-гимназиясының шәкірттерін шақырды. Оқушылармен өткен шеберлік-сағаты жемісті болды. Балалар фетрдан жасаған «бақыт құсын» ризашылық көңілмен өздерімен алып, көңілмен тарады.