Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Бір жәдігер тарихы» циклынан онлайн көрме «Мұрақ»

24.04.2020
«Бір жәдігер тарихы» циклынан онлайн көрме «Мұрақ»

22 сәуір 2020 жылы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің әлеуметтік желілеріндегі оқырмандарға «Бір жәдігер тарихы» циклынан онлайн көрме ұсынылды. Музейіміздің этнографиялық қорындағы ұлттық бас киімдердің бірегейі - ақ киізден басылып, алтындалған металл жіппен зерленген мұрақ туралы ақпараттар беріле отырып, көрермендерге бейнекөрсетілім арқылы жәдігермен жақыннан танысу мүмкіндігі берілді.

Мұрақты (айыр қалпақ) музейге БК(б)П Қостанай губкомы 1927 жылы байдың мүлкін тәркілеу барысында тапсырған. Қостанай округі Қарабалық ауданының №10 ауылының тұрғыны Бірмағамбет Алдияровтың үйінен алынған. Онлайн көрмені төмендегі сілтеме бойынша тамашалауға болады.

https://www.facebook.com/100014426732442/posts/797041854120032?sfns=mo

https://vk.com/wall397862586_790

Галерея изображений