Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Бір сурет көрмесі Константин Плюхин «Ыбырай Алтынсарин ауылда жерлестер арасында кітап оқып отыр»

11.02.2021
Бір сурет көрмесі  Константин Плюхин «Ыбырай Алтынсарин ауылда жерлестер  арасында кітап оқып отыр»

Көрнекті ағартушы, этнограф, жазушы және көсемсөзші Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде қор жиынтығындағы Константин Плюхиннің «Ыбырай Алтынсарин ауылда жерлестер арасында кітап оқып отыр» деген туындысынан бір сурет көрмесі дайындалды.

Белгілі қостанайлық суретші, КСРО Суретшілер одағының мүшесі Константин Иванович Плюхин 1924 жылы Қорған облысы Куртамыш ауданының Ключи ауылында дүниеге келген. 1942 жылы өзі сұранып майданға барған, Жауынгерлік Қызыл Ту орденімен марапатталған. 1952 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірді, Бүкілодақтық, республикалық және облыстық көрмелерге үнемі қатысып отырған.

К.И. Плюхиннің «Ыбырай Алтынсарин ауылда жерлестер арасында кітап оқып отыр» деп аталатын графикалық жұмысы 1991 жылы автолитография техникасында жазылған. Суретшіні көрнекті жаңашыл педагог, Торғайда қазақ балаларына арналған мектептің негізін қалаушы және алғашқы ұстаз, Қостанайда екі сыныптық орыс-қазақ училищесін ашуға бастамашы болған, Торғай облысындағы халықтық мектептердің инспекторы Ы.Алтынсариннің жарқын тұлғасы шабыттандырды. К.Плюхиннің суретінде зайырлы білімнің пайдасын түсіндіру үшін ауылға жиі баратын Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметінің көрінісі таңғажайып жылулықпен, шынайылықпен және этнографиялық дәлдікпен көрсетілген.