Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік негізі» атты көрменің ашылуы

25.11.2016
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік негізі» атты көрменің ашылуы

2016 жылы 25 қарашада сағат 11-00-де Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік негізі» атты көрме ашылды

Жаңа мемлекеттің қалыптасу тарихы шекара, кеден, полиция қызметінің тақырыптық заттар жиынтығымен көрсетілген, оның ішінде киім үлгілері, туы және шекара әскерінің жалаушасы. Ауқымды фотоқұжатты жиынтық Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мен жаһандық халықаралық бастамаларға арналған.

1993 жылдан Қазақстанда ұлттық валюта – теңге енгізілді. Көрмеге 1990-шы жылдардағы және 2000-шы жылдардың басындағы қағаз ақшалар мен тиындардың, сонымен бірге сирек кездесетін мерекелік ақшалардың музейлік жиынтығы қойылған.

VII қысқы Азия ойындары – 2011 Қазақстан үшін ерекше оқиға болып табылады. Көрмеден өлкеміздің танымал тұлғалары Қостанай көшелері бойымен ұстап жүріп өткен Азиада алауын, Ойынға қатысушылардың киімдерін, осы оқиғаға байланысты дайындалған кәдесый өнімдерін көруге болады.

Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Алдымен экономика, содан соң саясат» деп көрсеткен болатын. Қазақстан Республикасының инновациялық өнеркәсіптік жобалары туралы материалдардың арасында Қостанай облысының жас мемлекеттің экономикасының қалыптасуына қосқан қомақты үлесі жөнінде мәлімет беретін жәдігерлер қойылған. Көрмеге Қостанай облысының Қазақстан егеменділігінің қалыптасу кезеңі 1990-шы жылдардағы және әрі қарайғы әлеуметтік-экономикалық даму тарихы жөніндегі фотосуреттер мен құжаттар, сонымен бірге облыстық «ССТӨБ» АҚ, «Казогнеупор» зауыты сынды танымал өнеркәсіп кәсіпорындары және ауыл шаруашылық бірлестіктері өнімдерінің үлгілері қойылған. Бірінші бөлім «СарыАркаАвтоПром» автозауытының Қостанайдағы қазіргі заманғы автомобильдер өндірісі туралы, Доре алтынды құймасы – «Варваринское» АҚ қызметі туралы сыр шертеді. Қайта өңдеу өнеркәсібі Қостанай диірмен комбинаты, «Баян сұлу» кондитерлік фабрикасы, «Оян-Азат» ЖШС өнімдерінің үлгілерімен берілген және т.б.

Ұлттық мәдениеттің дамуына арналған үлкен бөлімде қостанайлық суретшілер мен қолөнер шеберлерінің туындылары, облыстық мәдениет мекемелерінің қызметі туралы фотоқұжаттық материалдар орналасқан.

«Тәуелсіздік негізі» атты көрме 2017 жылдың қаңтарына дейін жұмыс істейді.