2023 жылғы 2 маусымда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Қазақстан рәміздері - ел тарихы» атты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне арналған мультимедиялық бенефис өткізді. Шараға КММ «Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығының» қарттар мен бірінші және екінші топтағы мүгедектерге үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің қызметтерін алушылар қатысты.
Мультимедиялық бенефис барысында музей қызметкері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің даму тарихына тоқталды, сонымен қатар олардың маңыздылықтарын еске салды.