2021 жылдың 16 маусымында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында қоғам қайраткері, заңгер-құқықтанушы Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов туралы музей қорындағы құжаттар және фотоматериалдармен таныстырды.
Ахмет Бірімжанов 1871 жылы Торғай уезі Тосын болысының №1 ауылында дүниеге келген. Ауыл молдасынан сауатын ашқан. 1882 жылы Орынбор гимназиясына оқуға түсіп, 1891 жылы күміс медальмен аяқтайды. Одан әрі білімін жалғастырып, Қазан университетінің заң факультетіне оқуға түседі. Оны 1896 жылы аяқтайды. 1899 жылы Орынбор округтік сотына сот қызметіне кандидат болады. Алғашқы сот қызметі – сот тергеушісі болған. 1-2 Мемлекеттік думаның мүшесі. 1921 жылы Әділет халық комиссарының алқа мүшесі, кейіннен заң бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған.
ХХ ғасыр басындағы қазақтан шыққан алғашқы заңгерлердің бірі Ахмет Бірімжановтың өмірі мен қоғамдық қызметіне байланысты мол мағлұматтар берілді.