Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Ақын, жазушы Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы» Алау телеарнасы «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында

11.11.2020
«Ақын, жазушы Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы» Алау телеарнасы «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында

2020 жылдың 11 қарашасында «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, драматург Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат берді.

Бейімбет Майлин - жазушы, драматург, журналист, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. 1894 жылы Қостанай уезінің Дамбар болысында, қазіргі Бейімбет Майлин ауданында дүниеге келген. 1923 жылы Қостанай губерниялық «Ауыл» газетінің жауапты хатшысы болады, қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясын ұйымдастыру ісіне қатысады. 1937 жылы Майлинге революцияға қарсы насихат жүргізді деген кінә тағылып, тұтқындайды, 1938 жылы ату жазасына кесіледі. Қайтыс болғаннан кейін, 1957 жылы қайта ақталды. Майлиннің екі жүз елуден астам поэзиялық, прозалық шығармалары белгілі.

Әңгіме барысында көрермендер назарына дара тұлғаның музей қорындағы фотоқұжаттары таныстырылды.