Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

1946-1947 ж. қойын дәптер тарихы «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында

21.04.2021
1946-1947 ж. қойын дәптер тарихы «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында

2021 жылдың 21 сәуірінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында музей қорына жуырда алынған қойын дәптердің тарихымен таныстырды.

Алтынсарин ауданының (бұрынғы Обаған ауданы) Қайыңсай ауылының тұрғыны Абаев Райкен Бекмағамбетұлының (1928-1953 ж.) қойын дәптері болған. Оны Қостанай қаласының тұрғыны, қызы М.Тыштықпаева (Абаева) тапсырған. Халық әндері, мысалдар, поэмалар, өлеңдер, Жұмабаев Көбетай Ерғазыұлының соғыс жылдарындағы өлеңмен жазған хаттары берілген. Барлығы латын қаріптерімен жазылған. Жәдігер - халық шығармашылығының бір үлгісі.