013 жылы кеңестік кезеңде еңбегі үшін берілген ең жоғары марапаттың бірі «Социалистік Еңбек Ері» атағына 75 жыл және Қазақстан Республикасының «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары ерекшелік белгісіне 5 жыл толды. Еңбек жетістіктеріне қол жеткізген өндіріс озаттарын лайықты көтермелеу және еңбек өнімділігіне ынталандыру үшін 1938 жылы 27 желтоқсанда «Социалистік Еңбек Ері» құрметті атағы бекітілді. 1938 жылдың желтоқсанынан 1991 жылдың желтоқсанына дейін құрметті атаққа 19 мыңнан астам адам лайық деп табылды. Олардың ішінде 200-ге тарта Қостанай облысының еңбеккерлері бар. Диқаншылар Ж.Демеев, И.Рудской, К.Дөненбаева, М.Яровой, малшылар Б.Қасқабасов, А.Кузьмина, дәрігер Н.Исмагулов және т. б.
Жаңа Қазақстан мемлекетінің қалыптасу кезеңінде 2009 жылы Еңбек Ері атағы бекітілді. 2009 жылдың 15 желтоқсанында Президент Н.Ә.Назарбаев Астанада Қазақстанның алғашқы Еңбек Ерлеріне марапат тапсырды. Олардың ішінде біздің жерлесіміз С.Б.Бұқанов бар.
Осылайша «Еңбек Ерлері: даңқ тоғысы» атты көрме «Социалистік Еңбек Ері» құрметті атағының материалдық және рухани құндылықтарды жасаған, Қазақстанның айбындылығына қызмет ететін ұрпақтардың тарихи жадында сақталуына ықпалын тигізеді.