Нұрсұлтан Назарбаев: саясаткер және тұлға

29.11.2013
Нұрсұлтан Назарбаев: саясаткер және тұлға

1 желтоқсан халқымыз Тұңғыш Президент күнін атап өтеді, осы мерекеге орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері іс-шаралар топтамасын өткізуде. 29 қарашада 2013 жылы мұражайда «Нұрсұлтан Назарбаев: саясаткер және тұлға» атты портрет-кеш өтті.

Іс-шараға «Қостанай облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық ұйымының атқарушы директоры Л.В. Мацупа; қалалық «Қостанай» газетінің тілшісі Ғазиз Мешіт; БАҚ өкілдері, ЖОО студенттері қатысты.

1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемендіктің негізін салушы – Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тұңғыш Президенті болып сайланды. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын сеніп тапсырған қазақстандықтардың жауапты таңдауы еді.

Іс-шарада жастарға Елбасының өмір жолы туралы тың деректер берілді. Портрет-кешке қатысушылар Қонақтар Елбасымен болған кездесулерден алған әсерлерімен бөлісіп, егемендікке қол жеткізген 22 жыл бойы елді басқарып отырған Н.Ә.Назарбаевтың қазақ ұлтының патриоты, ел жанашыры, реформатор, шебер ұйымдастырушы, кемеңгер саясаткер екендігі жөнінде сөз қозғады және Қазақстанды дүниежүзінің дамыған елдерінің қатарына қосу мақсатында айрықша істер атқарылып жатқандығы туралы айтты.

Іс-шара барысында Елбасы туралы фильм көрсетілді.

Галерея изображений

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін208   Кеше234   Бір аптаның ішінде1581   Айында701   Барлығы309859  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі