Адамзат тарихтың барлық кезеңдерінде эстетикалық немесе танымдық көзқарас тұрғысынан қызығушылық тудыратын киелі құнды заттарды жинауға және оны сақтауға ерекше ден қойған. Этнографиялық жиынтықтың пайда болуын басқа ұлыстардың өңдірген көз үйренбеген ғажайып заттар жинағының пайда болу мезгіліне жатқызуға болады.
Мұражайдың қорында XVIII, XIX және XX ғ. басында жасалған этнографиялық бұйымдар сақталған және олардың көпшілігі тарихи-мәдени тұрғыдан сирек кездесетін бағалы туындылар болып табылады. Сондай-ақ, оларда адамдардың өмірі мен мәдениеті, дүниетанымы, наным-сенімі туралы жеткілікті құнды ақпарат бар.
Мұражайға 1927 жылы бай мүлкін тәркілеу барысында алынған тұрмыстық заттар мен киімдер этнографиялық жиынтыққа негіз болды. Сөйтіп біздің қорда бай Алдияровтың отбасынан алынған алтын жіппен зерленген киім үлгілері - ер кісінің шапаны мен қалпағы, әйелдің қамзолы мен бешпенті, ер адамның қайыс белдігі - кісе белбеу, әйелдерге арналған күміспен күптелген ер-тоқым мен жүген, шығыстың металл табақтары пайда болды.
Қазақ халқының дәстүрлі құбылмалы ауа райына және көшпелі тұрмыстық жағдайға бейімделген. Олар мықты да ыңғайлы, қарапайым әрі әсем болған. Киім-кешектер ер адамның, әйелдердің және балалар киімі, сыртқы және ішкі, маусымдық, күнделікті және мерекелік деп бөлінеді.
Жас әйелдер мен бойжеткен қыздардың киімдері ұлттық оюлармен молынан безендірілген. Ежелден сахарада күн мен өмірді бейнелейтін сырттан әкелінетін қызыл түсті маталарға айрықша мән берілген.
Зергерлік бұйымдар жиынтығынан ең алдымен әйелдер әшекейлері мұражай жиынтығының бағалы бөлігі болып табылады. Зергерлік әшекейлер күмістен, жартылай бағалы тастардан және шыныдан жасалған. Олар басқа және кеудеге тағатын әшекейлерден, білезік пен жүзіктің көптеген түрлерінен тұрады. Пішіні мен зерінің үйлесімділігімен ерекшеленетін қазақтың мәнерлі зергерлік әшекейлері халық шығармашылығының жарқын беттерін көрсетеді және ұлттық мәдениет қазынасына жатады.
Қазақ кілемдері, өрнекті баулар, текеметтер мен сырмақтар Қазақстанның көне және қазіргі заманғы өрнекті байлығы болып табылады. Жүннен, киізден жасалған бұйымдар Қазақстанның солтүстік өңірінде қалыптасқан кілем тоқу және тоқыма дәстүрлері туралы сыр шертеді.
Үй шаруашылығында қолданылған ыдыс-аяқтар негізінен металдан, ағаштан, тастан, үй жануарларының сүйегі мен терісінен әзірленді. Шеберлер түрлі заттарды жылқының терісінен жасалған қымыз ашытатын сыйымды ыдыс сабаны, ағаштан тостаған, шелек, ожау, күбі және т.б. жасады.
Біздің облысымызда тұратын славян халықтарының киім-кешектеріне айрықша көңіл бөлінеді. Заттық жиынтықтың негізін әйелдер мен ер адамдардың киімдері, сондай-ақ сусындарға арналған және үстелге ас қоюға арналған керек-жарақтар, киімдерді және керек-жарақтарды сақтауға арналған заттар, үй жабдығында қолданылған заттар құрайды. Кестеленген, тоқымалы әшекейленген, көркем ойылған, нақышталған, шекімеленген, эмальмен әшекейленген заттардың ғылыми мәні этнографтардың көз алдында арта түсті. Осы заттармен қатар мұражай жинағына қолөнер өндірісінде пайдаланылған ауылшаруашылық жабдықтары, құралдары алынған.
Құнды этнографиялық деректер болып табылатын мұражай жиынтығы көрмелерді құруда, мұражайдың тұрақты экспозициясын жасауда кеңінен қолданылады, зерттеушілерді өзіне тарта отырып, ғылыми жарияланымдарда және суретті басылымдарда пайдаланылады.