27 қазанда Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы мен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Жалпы тарих беттерінен: Торғай - Қостанай - Орынбор» халықаралық ғылыми онлайн-конференциясын өткізді.
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы Е.Б.Қалмақов сөз сөйледі. Ол кейінгі он жылдықтағы ғылыми зерттеулер қоғам үшін бұрын белгісіз болған көптеген тарихи деректерді ашты, тарихқа және мәдени мұраға деген қарым-қатынасты өзгертті. Тәуелсіздік және ұлттық сана-сезімнің жаңаруы жағдайында отандық тарихқа, оның бастауына, қазақ халқының даңқты және қасіретті тағдыры туралы барынша көп білуге ұмтылған жас ұрпақ пайда болды деп атап өтті.
Тарих ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ П.Чужинова атындағы экономик және құқық институтының директоры Әлібек Нұрмағамбетұлы Табулденов конеференцияның модераторы болды.
Конференция жұмысына әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы А.А. Айтмұхамбетов; Орынбор губерниялық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері О.Ю. Боброва; А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Қазақстан тарихы және философия кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі А.Е. Ералина; А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты С.С. Исмаилов; «Ы.Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейі» КММ аға ғылыми қызметкері Р.З. Шалапова; философия докторы (PhD), А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Е.Е. Ибраев; А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ тарих факультетінің 2 курс студенті Мусаева Айзере қатысты.
Модератор онлайн-конференция жұмысын қорытындылай келе Қазақстан мен Ресейдің шекаралас облыстарының жалпы тарихының өзара байланысын сақтау үшін бірлесе жұмыс істеуді ұсынды.
Конференция соңында Д.М.Легкий, Е.Е.Ибраев, Ә.Н. Табулденов - авторлық ұжым музейге «Дальнейшее наблюдение за ним установлено» Ахмет Байтурсынов под надзором царской охранки (1905 -1917 годы) кітабын тапсырды.