Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Пулагай – мордва әйелдерінің белбеу әшекейі

07.04.2021

Мордва әйелдерінің белбеу әшекейі - пулагай жейденің сыртынан, мықынға тағылады. Мордва қыздары пулагайды 13 – 14 жасынан қартайғанша киетін болған, ерекше салтанатты жағдайларда тіпті біріні үстіне бірін екі не үш пулагай киетін болған.  Жас келіншектердің пулагайы сәнді және өте ауыр болған, салмағы 5-8 келі тартқан. Ол бірнеше қатар бүктелген, кейде сырып жасайтын қатты кенеп бөліктерінен дайындалады. Қалың кенеп бөліктерге мыс бақырлар, түймелер, бақалшықтар, майда моншақтар мен шынжырлар тігіледі. Әшекейлер қатары бүйірінде салбырап тұратын түрлі-түсті жүн жіптерден  жасалған қара немесе қызыл шашақпен аяқталды.