Біздің сайттың құрметті қонақтары!

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін11   Кеше352   Бір аптаның ішінде891   Айында11   Барлығы309169  
Жаңалықтар
2023 жылдың 15 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында Қазақстанның ұлттық монументтік мүсін өнерінің бастауында тұрған қазақтың тұңғыш кәсіби мүсіншісі Хәкімжан Наурызбаевтың өмірі мен шығармашылық қызметі туралы әңгімеледі. Музей қорынан фотосуреттер, өмірбаяны…
2023 жылдың 14 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Қостанай қаласындағы Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің 8 сынып оқушыларына 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің басшыларының бірі Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай «Халық батыры» атты дәріс оқыды. Оқушылар дәріс барысында Торғайдағы…
2023 жылдың 14 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозициялық залында балалар кітаптарының суретші-иллюстраторы Нина Олексюктің "Ойдың түрлі түсті палитрасы" атты шеберлік сабағы өтті. Суретші №5 мектеп-гимназиясының 3"д" сыныбына акварель техникасы бойынша сабақ өткізді. Көрме залындағы шығармашылық жанға…
2023 жылдың 10 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозициялық залында Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Георгий Соковтың «Өмір белестері» атты дербес көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеге танымал суретшінің өткенге шолу жасаған көркем туындылары қойылды. Оның шығармашылығы облыс…
2023 жылдың 3 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Георгий Михайлович Соковтың «Археологиялық қиялдар» атты дербес көрмесі ашылды. Көрмеде 28 графикалық жұмыс ұсынылған. Өзінің гипнозды жұмыстарында, фэнтези жанрында (ағылш. phantasy – фантазия, қиял) суретші кеңістік пен уақыттағы…
2023 жылы 12 қаңтарда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Әзірханова Д.Т. «Алау» телеарнасының ӨТЖ жаңалықтарында Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінен, ҚР Орталық мемлекеттік архивінен, ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінен алынған құжаттар және фотоматериалдармен таныстырды. Қостанай қаласының негізі қалануының…
Бүгін №27 мектеп оқушыларына арналған шыршаны безендіру үшін жаңа жылдық ойыншықтарды дайындау шеберлік сабағы болып, өтті. Оқушылар үшін әртүрлі материалдарды қолдана отырып, шырша ойыншықтары мен әшекейлерді жасаудың әртүрлі нұсқаларын таңдауға тырыстық. Жаңа жылда әрқашан сиқырды сезінгіңіз келеді және осы жылы…
2022 жылы 23 желтоқсан күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Туған жер - көрікті мекенім-2» көрмесі ашылды. Бұл Қостанай суретшілерінің 2022 жылғы қорытынды көрмесі. Оған қостанайлық авторлардың, әр ұрпақ өкілдерінің 60-тан астам графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер және мүсін туындылары қойылған. Шығармашылық…
2022 жылдың 14 желтоқсанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері №6 жалпы білім беретін меткептің 8-9 сынып оқушыларына «Тәуелсіздік жолында» атты тарихи экскурс өткізді. Экскурсия барысында оқушылар тәуелсіздік жолындағы Қазақстан тарихы мен маңызды оқиғалармен танысты.
2022 жылдың 15 желтоқсанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері А.Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің оқушыларына Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ресейдің халық суретшісі, Татарстанның халық суретшісі Баки Урманченің туғанына 125 жыл толуына орай «Баки Урманченің өмірі мен шығармашылығы» атты музей…
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі