Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін59   Кеше61   Бір аптаның ішінде338   Айында193   Барлығы238068  
Жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрық Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша жоспар 2021 жылғы ішкі талдаудың нәтижесі бойынша аналитикалық анықтама 06.09.2021 жылға арналған ішкі талдау нәтижелерінің орындалу барысы туралы ақпарат
2021 жылы 29 қазанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің көрме залында Қостанай облысының 85 жылдығына арналған «Кең-байтақ туған жер» атты «Пленэр – 2021» облыстық көркемсурет жобасының қорытындысы бойынша көрмесі ашылды. Экспозицияда "Пленэр-2021" жобасына қатысушы қостанайлық суретшілердің 60-тан астам…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Графиканың ғажайып әлемі» атты көрме ашылды. Көрмеде суретшілердің әртүрлі техникада жасалған музей қорындағы графикалық туындылары қойылған.
2021 жылы 22 қазанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің көрме залында қостанай шеберлері жұмыстарының «Қолөнер сиқыры» атты көрме-байқауының қорытындысы өтті. Көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. «Қолөнер құпиясы» көрмесін көрермендер толассыз тамашалады, әрі әр туынды…
2021 жылдың 22 қазанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК атынан басшысы С.Б.Бөрібаева мен «Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы» ММ атынан басшысы Е.Б.Қалмақов ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Аталған құжат тарихи-мәдени мұраны…
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі тарихи-мәдени мұраны насихаттау мақсатында «Қостанай облысының киелі нысандары» атты бейнероликтердің облыстық байқауын ұйымдастырды. Байқау жалпы білім беретін орта мектептердің оқушылары арасында қашықтықтан жүргізілді. Байқау лауреаттары марапат қағаздарымен мадақталды. Қатысушылардың үздік жұмыстары музейдің…
Бүгін музейде полимер балшықтан кішкентай жануарлар жасау бойынша «Көңілді зоопарк» атты шеберлік сабағы өтті. Полимер балшық әсірелеусіз, әр түрлі қолөнер бұйымдарын жасауға арналған ең қызықты материал болып саналады. Іс-шараға шақырылған мектеп оқушылары түрлі жасау әдістерін қолдана отырып, сүйкімді жануарлар жасады.…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында Қостанай облысының киелі жерлері туралы мағлұматтар берді.
2021 жылдың 20 қазанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Қазақ хрестоматиясы беттері бойынша» атты кітап театрын ұйымдастырды. Іс – шараға І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университеті, Сырбай Мәуленов атындағы…
Бүгін, 18 қазанда Қазақстанда Рухани келісім күні аталып өтуде. Бұл күн бірлік пен кешірімділікті, мейірімділік пен өзара түсіністікті білдіреді. Рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, жастар арасында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу мақсатында музей қызметкерлері «Бейбітшілік және келісім – тәуелсіз Қазақстанның таңдауы!» атты әңгіме…
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі